Тікелей неке қию салтанатында жас жұбайлардың екеуі де болуға тиіс
1 шілдеден бастап некені онлайн форматта тіркеуге болады деген ақпарат тарады. Алайда бұл дерек шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды stopfake.kz.
«Бұл өтірік. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда некеге тұру рәсімі біршама өзгереді, бірақ жас жұбайлардың қатысуы маңызды.1 шілдеден бастап некені АХАТ емес, ХҚО қызметкерлері тіркейді. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-қа беріледі. Бұл ретте жаңашылдыққа қарамастан, некеге тұру бұрынғы АХАТ ғимараттарында жүзеге асырылады, олар енді мемлекеттік корпорацияның бэк-офистері деп аталады. Яғни, жас жұбайлар қалауы бойынша салтанатты түрде некеге тұра алады» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, некені тіркеуге өтінішті электрондық үкімет порталында онлайн немесе бэк-офистерге жүгініп офлайн режимде береді. Ал тікелей неке қию салтанатында жас жұбайлардың екеуі де болуға тиіс. Демек, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап некеге онлайн түрде тұруға болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.