Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда мемлекет басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысты

Автор: Azattyq Rýhy

«Орталық Азия – Қытай» саммитінің негізгі іс-шаралары ертеңге жоспарланған

t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі Сиань қаласындағы Лотос саябағында өтті.

«Орталық Азия – Қытай» саммитінің негізгі іс-шаралары ертеңге жоспарланған.

Бүгін «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушылардың құрметіне Лотос саябағында театрландырылған қойылым көрсетілді.

Еске сала кетейік, қазір Мемлекет басшысы Қытайда ресми сапармен жүр.