Ресейден 205 қорап темекіні заңсыз әкеле жатқан шетел азаматы ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тәркіленген тауардың құны алдын ала есеп бойынша 50 млн теңгеден асады

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ресейден 205 қорап темекіні заңсыз әкеле жатқан шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

17 мамырда «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері шетел азаматы тізгіндеген жүк көлігін тоқтатқан.

Оны тексеру барысында акциздік маркілері мен ілеспе құжаты жоқ 205 қораптағы темекіні анықтады.

Тәркіленген тауардың құны алдын ала есеп бойынша 50 млн теңгеден асады.

Заң бұзушы мен анықталған жүк аймақтық экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.