«Түнгі клубқа барып жүрдім»: Қуат Хамитов 19 мамырда өтетін жарыстың дайындығы туралы

Автор: Azattyq Rýhy

Спортшы күніне төрт реттен жаттығу жасағанын айтты

Аралас жекпе-жектегі (ММА) белгілі қазақстандық балуан Қуат Хамитов журналистердің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында ресейлік Зелемхан Юсуповпен болатын жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қуат Хамитов спорттық жаттығулардан бөлек, жарыс алдында түнгі клубтарға баратынын жеткізді.

«Мен дайындықтың қалай өткенін айта аламын. Мен таңертең оянамын, жүгіремін, кешке күрес немесе спарринг жасап, содан кейін екі сағат ұйықтаймын, түнгі сағат 11-де клубқа барып жүрдім. Сіздер мені клубтық кештерді ұнатады деп ойламаңыздар. Барлығымыз білетіндей, біз түнгі 10-11-де жекпе-жекке шығамыз, сондықтан мен барларда, клубтарда болуым керек, аяқтарымның қимылдарын жасауым керек, көпшілікке және у-шуға үйренуім керек, музыка тыңдауым керек дегендей. Әрине, әр демалыс сайын әр түрлі спарринг-серіктестер болды, бірақ мен таңертең грэпплинг пен тұншығудан қорғауды үйрендім. Менде күніне төрт реттен жаттығу болды», - деді «Найман» лақап атымен танымал спортшы.

Еске сала кетейік, Хамитов-Юсупов жекпе-жегі 19 мамырда Алматыда Қазақстандағы алғашқы «Hardcore» стадион турнирі аясында өтеді.