«B-FEST» таланттар фестивалі өз мәресіне жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Басты ауыспалы кубокті Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі иеленді

«B-FEST» таланттар фестивалі өз мәресіне жетті. Сайысқа бес бағыт бойынша BINOM мектептерінен 15 000-ға жуық оқушы қатысып, бақ сынады. Үздік атанғандар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Басты ауыспалы кубокті Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі иеленді. Шара аясында көрме ұйымдастырылып, оқушылардың қолынан әзірленген туындылар сатылымға қойылды. Одан түскен табыс көмекке мұқтаж жанның еміне жұмсалмақ. Айта кетейік, мұндай фестиваль елімізде бірінші өткізіліп отыр. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.

«Мен жоғарғы буын санаты бойынша бағымды сынадым. Менің жобам бойынша 12 қатысушы қатысты. 6 үздік жүйрік оқушылар номинация иегерлері атанды. Менің номинация ол әлемді жарқырат дизайн жобасының жеңімпазы атандым. Осы жерде бізде әртүрлі жобалар үздік тың идеялар көрсетілген еді», - деді қатысушы Мейірлан Төлеуіш.

«Бұл жерде тек ғана оқушылармен бірге ерекше білім беруді қажет ететін балаларды біріктіре отырып оларды қоғам қатарына қосу мақсатында, оларға көмек қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып жатқан іс-шара», - деді Ы. Алтынсарин атындағы binom school мектеп лицейінің директоры Берікболсын Кемелбек.

Тегтер: