БЖЗҚ ақпаратты тек ресми көздерден алуға кеңес береді
БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат жіберу жағдайларының жиілеп кеткені туралы ескертті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алаяқтар әлеуметтік желілер және WhatsАрp арқылы жіберілетін хабарламалар арқылы ағымдағы жылдың маусым – қыркүйек айлары аралығында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін төменгі жеткіліктілік шегіне (бұдан әрі – ТЖШ) қарамастан шешіп алуға болатыны туралы жазуда.
Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында пайдалану көзделген. Ол үшін:
Зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін (бұл ретте ТЖШ есепке алынбайды) Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында көзделген жағдайларда ғана алуға болады.
Атап айтсақ:
БЖЗҚ белсенді түрде таратылып жүрген «жалған» хабарламаларды елемеуге, ақпаратты тек ресми көздерден алуға кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты кеңестерді БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да алуға болады:
БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Twitter және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында.