Пандемия басталғаннан бері кем дегенде 20 млн адам COVID-19-дан қайтыс болған
ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус COVID-19 пандемиясының мәртебесінің жойылғанын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ДДСҰ-ның COVID-19 Төтенше жағдайлар жөніндегі сарапшылар комитеті маған COVID-19 халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай мәртебесін (PHEIC) жоюды ұсынды. Мен осы кеңесті қолдап, пандемияның аяқталғанын жарияладым», - деді Гебрейесус.
Ұйым басшысы 2020 жылы пандемия басталғаннан бері кем дегенде 20 миллион адам COVID-19-дан қайтыс болғанын атап өтті.
«2020 жылдан бері COVID-19 ресми түрде 7 миллионға жуық адамның өмірін жалмады, бірақ нақты сандар әлдеқайда жоғары. Бұл дерттен кем дегенде 20 миллион адам қайтыс болды», - деді ол.