Ел азаматтары жылжымалы және жылжымайтын мүлікті рәсімдей алмайды
Алдағы бес күнде ХҚКО-да кейбір мемлекеттік қызметтер уақытша істемейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы хабардар еткендей, мерекелік демалыс күндерінде ел азаматтары жылжымалы және жылжымайтын мүлікті рәсімдей алмайды. Сонымен қатар тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелу де тоқтайды.
«Бұл қызметтер тек мерекелерден кейін – 10 мамырдан іске қосылады. Қазір базадан Жылжымайтын мүлік деректерін Бірыңғай мемлекеттік кадастрға көшіру жүріп жатыр. Сондықтан жүйедегі кейбір қызметтер қолжетімсіз. Жерге қатысты онлайн қызметтерді де күтуге тура келеді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ электронды үкімет порталы, нотариустар, салық қызметі, банктер мен сот орындаушылардың да онлайн қызметтері уақытша тоқтайды.