Батыс Қазақстанда куәлігі жоқ жүргізуші жол ережесін бір күнде 13 рет бұзған

Автор: Azattyq Rýhy

Автокөлік айып тұрағына қойылды

Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында куәлігі жоқ жүргізуші жол ережесін бір күнде 13 рет бұзған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 21 жастағы жүргізуші оған қоса «Мерседес» автокөлігін жалған нөмірлермен айдаған.

«Аталмыш жүргізуші түнгі сағат 00.00-ден таңғы 07.00-ге дейін 13 рет жылдамдықты шектен тыс асырып айдаған. Барлық айыппұл көлемі 310 мың теңгені құрады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 592-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Барлық құқықбұзушылық «Призма-Stos» автоматты жүйесімен тіркелді. Полиция қызметкерлері жүргізушіні «Suncarsmartcity» бейнебақылау жүйесі арқылы ұстады. Автокөлік айып тұрағына қойылды», - деп хабарлады ведомстводан.