Шымкентте мектеп бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті 67 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жеке қажеттілігіне жұмсап жіберген

Фото ашық дереккөзден

Шымкентте мектеп бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті білім беру мекемесі директорының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, 67 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жеке қажеттілігіне жұмсап жіберген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті күдіктіге қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады.

«Қайта қылмыс жасауға жол бермеу мақсатында өңірдің білім беруді қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды. Сондай-ақ, кеңейтілген отырыс өтіп, онда сыбайлас жемқорлық схемалары мен ол үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы әрбір бухгалтерге, мектеп директорына және мегаполистің білім беру саласының басшыларына түсіндірілді», - деп жазды Дәурен Ерғарин.