Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен
Үндістанның Чхаттисгарх штатында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, он адам қаза тапты. Сондай-ақ жол апатынан бір бала зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ANI агенттігінің хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.
«Балод ауданындағы Джагатра маңында жүк көлігі мен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан он адам қаза тауып, бір бала ауыр жарақат алды», - делінген хабарламада.
Жәбірленуші Райпур қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта полицейлердің мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісін іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.