Ержан Біржанов визасыз режимнің енуі сауда-саттықа әсер етуі мүмкін екенін айтты
Қытай мен Қазақстанның транзиттік айналымы 42 пайызға артты. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Сенаттың жалпы отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгінгі таңда транзиттік құралдардың саны 33 пайызға артты. 2021 жылы көлік құралдарының саны Қазақстан арқылы транзиттік көлік саны 153 мыңды құраса, 2022 жылы 204 мың көлік құралын құрады. 2021 жылы Қытаймен транзит бойынша 75 мың көлік өтсе, 2022 жылы 107 мың көлік өтті. Бұл 35 мыңға ұлғайып, 42 пайызды құрап отыр. Кедендік баж салығынан Қазақстан бюджетіне 1 сәуірдегі жағдай бойынша 10 сальдо 160 млрд теңге қаражат түсті», - деді ол.
Біржанов атағандай, Қытай еліміздің негізгі серіктесі болып есептеледі.
«Жыл басынан бастап «Нұрлы жол» кеден бекеті ашылғаннан бері БАҚ-та көптеген шағым болды. Біздің көлік құралдары ол жаққа өте алмады. Біздің 15 мың көлік кезекте тұрды. Қазіргі таңда біз өз тарапымыздан жұмыс кезеңін ұлғайттық. Қытай консулдығымен кездесіп, қазақстандық тасымалдаушыларға визаның санын жұма сайын 500-ге дейін берудің нәтижесінде кезек азайды. Қазақстандықтардың визасыз өтуі бойынша жеңілдік жасалса, сауда-саттықты дамытуға әсері болуы мүмкін», - деді ол.