Қазіргі уақытта ауырып жатқан 3 адамның жағдайы ауыр
Қазақстанда өткен тәулікте 53 адамнан коронавирус анықталды, оның біреуі пневмонияға шалдыққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
4 мамырдағы мәлімет бойынша, 1 134 адам коронавирус инфекциясынан (–1017+ және 117 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 117 пациент стационарда, 1017 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ-ге шалдыққандар арасында 3 адамның жағдайы ауыр.