03.05.2023, 20:26
Жаңалықтар
Алматыда тегін секциялар мен үйірмелерге құжат өткізудің бірінші кезеңі аяқталды
15 мың ваучерге үміткер Алматыда кезекке тұрды
Фото ашық дереккөзден
Алматыда тегін секциялар мен үйірмелерге құжат өткізудің бірінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы әлеуметтік желіде «QaztiQet» ЖШС DamuBala жүйесін әзірлеушілер жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«15 000 ваучерге үміткер Алматыда кезекке тұрды. Бүгін, 3 мамыр күні, сағат 18:46-да Алматыда кезекке тұрудың бірінші кезеңі аяқталды. Оператордың келісімі бойынша тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеудің жоспарланған лимиті 15 мың орынға дейін көбейді», - деп жазды әзірлеушілер.
Енді қаланың әр ауданындағы ваучерге қажеттілікті бағалағаннан кейін кезекке тұру қайта ашылады.
Екінші кезеңнің басталу уақыты туралы әзірлеушілер қосымша осы аптада хабарлайды!
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
