Бұл туралы партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров мәлім етті
«AMANAT» партиясы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Анна Башинскаяның іс-әрекетін зерттеп, оған тиісті баға береді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров бұл туралы Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.
«А.Башинскаяның бұл пікірі партияның көзқарасын білдірмейді. «AMANAT» партиясы өзге елдердің саясатына араласпайды.
А.Башинская абайсызда қателікпен жазылған пікірі үшін өз тарапынан кешірім сұрады. Дегенмен, айтылған сөздің ауыртпалығы мен оның саяси астарын ескере отырып, бұл мәселені партия бей-жай қалдырмайды.
Мәселені тез арада партияның тиісті құрылымдарында қарастыратын боламыз.
Әрбір жергілікті мәслихат депутаты өзі тұрып жатқан мемлекеттің мүддесін басты орынға қоюы тиіс», – деп жазды ол.