Абай облысында әйел адам құрбысының атынан онлайн несие алған

Автор: Azattyq Rýhy

52 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

фото: ашық дереккөзден

Абай облысының тұрғынына құрбысы 1,5 млн теңгеге несие рәсімдеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бесқарағай ауданының полицейлері жедел- іздестіру жұмыстары барысында 1,5 млн теңгеге жуық сомаға несие ресімдеді деген күдікпен 52 жастағы азаматты ұстады.

Полицияға облыс орталығының 64 жастағы тұрғыны белгісіз біреудің өзінің жеке деректерін мобильді қосымша арқылы пайдалана отырып, оған 1,2 млн теңге сомасына түрлі банктерде онлайн-кредиттер ресімдегені туралы шағымданды.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер Бесқарағай ауданының 52 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін мойындап ,ақшаны өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты. Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп көрсетті Абай облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тегтер: