Астанадан Алматыға бағыт алған ұшақ әуежайға оралды

Автор: Azattyq Rýhy

Техникалық себептерге байланысты ұшақ қайта қонды

Фото: pixabay.com

13 сәуір күні Астана әуежайынан Алматыға ұшып шыққан ұшақ қайта оралды. Ұшақ техникалық себептерге байланысты қайта қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Scat әуе компаниясының баспасөз қызметі «Астана-Алматы» рейсін орындау кезінде баптау жүйесінің индикациясы іске қосылғанын атап өтті.

«Ұшақ экипажы әуежайға оралу туралы шешім қабылдады. Қазір жолаушылар әуежайда. Оларға қажеттінің бәрі ұсынылды», - деді SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Тегтер: