Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқыланды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сапар барысында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және Ресей Федерациясы Президентінің сыртқы саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковпен екіжақты кездесулер өтті.
Тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларына, сондай-ақ ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ қоса алғанда, интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екіжақты өзара іс-қимылға байланысты өзекті мәселелерді талқылады.
Өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және түрлі салаларда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларға дайындық барысын қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.