Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Атыраулық полицейлер ірі көлемде есірткі сақтаған ШҚО тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде Атырау қаласы аумағында синтетикалық есірткіні жасырын тығумен айналысып жүрген ШҚО-ның 1990 жылы туған тұрғынын анықтаған.
Тергеу жұмыстары нәтижесінде 86,9 гр альфа-PVP және 207,91 гр мефедрон анықталып, медициналық сараптама қорытындысымен ірі көлемдегі синтетикалық есірткі екендігі белгілі болды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.