Заң бұзған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Маңғыстауда үш айда 300 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасы саласында 5 қылмыс фактісі тіркелді.
Атап айтқанда, ҚР ҚК 339-бабы бойынша (сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай - ақ өсімдіктердің немесе жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз жұмыс істеу) - 3 қылмыс, ҚР ҚК 335-бабы бойынша (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) екі қылмыс тіркелді.
Сондай-ақ, аталған кезеңде 175 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған тұрғындардан барлығы 308 кг 950 грамм бекіре балығы тәркіленді.