Оқиға орнына шақырудың жоғары ранг бойынша дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді
Алматы облысындағы ауылдардың бірінде қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
9 сәуірде сағат 07.20-да Қаскелең қаласының № 5 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Алматы облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Қарасай ауданының Жармұханбет ауылында Мақатаев көшесі бойындағы қойма үй-жайында 700 шаршы метр алаңда автомобиль шиналары жанғаны туралы хабарлама түскен.
Өрт одан әрі 64 шаршы метр алаңдағы әкімшілік ғимаратқа таралған.
Ең жақын өрт сөндіру бөлімі оқиға орнынан он шақырым қашықтықта, өрт гидранты бес шақырым қашықтықта орналасқан.
«Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 09.08-де оқшауланып, сағат 13.45-те 764 шаршы метр алаңда толықтай сөндірілді. Өрттің шығуын кеш біліп, өртке қарсы қызметке кеш хабарлануы, сондай-ақ екпіні секундына 4-6 метр солтүстіктен соққан жел өрттің осындай алаңға таралуына себеп болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында жалпы ауданы 1400 шаршы метр автомобиль шиналары бар қойма үй-жайы құтқарылды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Өрттің жеке тұрғын үйлерге көшу қаупі жоқ.
Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына анықтау бөлімі және өрт сынақ зертханасының қызметкерлері барды. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқаша тұйықталуы болып табылады. Осы факт бойынша Қарасай ауданының ТЖБ «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға жауапты адамның оларды бұзуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiруге әкеп соқса» ҚР ҚК 292-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өртті жоюға Алматы облысы ТЖД-нің 45 қызметкері мен 11 бірлік техникасы, Алматы қаласы ТЖД-нің 12 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, «EFES» МӨҚҚ-ның 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, «Пожтехэксперт» МӨҚҚ-ның 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.