Шымкентте тәртіп бұзған футбол жанкүйері полицияға жеткізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция бөліміне жеткізілген 20-дан астам адам жауапкершілікке тартылуы мүмкін

фото: видеодан скрин

Шымкентте тәртіп бұзған футбол жанкүйері полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбекші АПБ-на 102 арнасы арқылы Уәлиханов көшесіндегі «Прага» кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барды. Белгілі болғандай, «Ордабасы» мен «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік орын алғаны анықталды.

Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.