Тәжікстан азаматы Астанада терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылды

фото: ашық дереккөзден

Тәжікстан азаматы Астанада терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты Тәжікстан Республикасының 26 ​​жастағы азаматына қатысты үкім шығарды.

Терроризмге қарсы күрес орталығының мәліметінше, халықаралық лаңкестік ұйымдардың идеологиясын насихаттағаны үшін сотталған азамат астаналық діндарларды «қарулы жиһадқа» қатысуға үндеген.

Сонымен қатар, ол өз әрекетінің заңсыздығын түсініп, лаңкестерге қаражат жіберген.

Елордалық соттың үкімімен шетел азаматы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256 және 258-баптары «Терроризмді насихаттау», «Терроризм қызметін қаржыландыру» бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.