Түркістандық полицейлер 150 келідей заңсыз ауланған балықты тәркіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

фото: yarnovosti.com

Түркістандық полицейлер 150 келідей заңсыз ауланған балықты тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Уылдырық» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы аясында Мақтарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» инспекторларымен бірлесіп, заңсыз балық аулау фактісін анықтады.

Оқиға орнынан жалпы 150 келідей сазан балықтары, 1 дана үрмелі резеңке қайығы, 2 дана шанышқы құралы тәркіленді.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі «Балық, ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бойынша тіркелді.