Таразда аманаттықтар қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілермен бірге ағаш отырғызды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл аула енді «AMANAT» аллеясы деп аталатын болды

Қыстан қалған жердің тоңы жібіп, тіршілік атаулыға жан бітіп, күн жылынып, көктем шыққалы Тараз қаласында тазалық жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді. Бұл игі шараға бүгін «AMANAT» партиясының облыстық және қалалық филилдарының қызметкерлері де өз үлестерін қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Филиал қызметкерлері сенбілік жасап, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы облыстық және Тараз қалалық филиалының қызметкерлері Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының ауласына тәрбиеленушілермен бірге жеміс талдарын отырғызды.

Партия Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов пен партия қызметкерлері жеміс ағашын еккен аула енді «AMANAT» аллеясы деп аталатын болды. Бұл – орталықтың басшылары мен тәрбиеленушілерінің ұсынысы.