Алдағы уақытта оқушы жетекшісімен бірге жобаны жетілдіруді көздеп отыр
Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Томирис Бақыт Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы негізінде үстел ойынын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ойын «Absolutely obsolete» деп аталады. Ол жас буынға бос уақытын қызықты өткізіп қана қоймай, қазақ әдебиеті мен этномәдениетін терең түсінуге көмектеседі.
«Абай жолының» бірінші томын оқығанда көп сөздер мен салт-дәстүрлерді түсінбедім. Қатарластарымнан сұрастырғанда, оларда да осындай мәселе бар екенін білдім. Сол себепті шығарманы түсініп оқып, сөздік қорды арттыру мақсатында осындай үстел ойынын жасап шықтым», - дейді Томирис Бақыт.
«Absolutely obsolete» үстел ойынында қазір 60 карта бар.
Алдағы уақытта оқушы жетекшісі Бақыт Мекеевамен бірге жобаны жетілдіруді көздеп отыр.
«Роман-эпопеядағы кейіпкерлер мен рулар жайлы бөлім енгізуді жоспарлап отырмыз. Ашып айтқанда, рулас кейіпкерледі анықтайтын, кейіпкерледің шығармадағы рөлін, олар қатысқан оқиғалар жайлы сұрақтар бар карталар қоссақ дейміз», - дейді оқушы.