Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазгидромет болжамынша, Атырау, Ақтөбе, Алматыда ауа ластанады

Фото ашық дереккөзден

Бүгін еліміздің 3 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2023 жылғы 29 сәуірде Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.