Аталған желіні қолдану тегін
Орыс тіліндегі сұраныстар бойынша жұмыс істейтін нейрожеліні алғашқы төрт күнде миллионнан астам қолданушы пайдаланды. Ал алты күннің ішінде қолданушылар саны екі миллионнан асқан. Қолданушылар саны жөнінде рекорд орнатып, OpenAI компаниясының ChatGPT асып түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ресейлік Сбербанк желіні іске асыру арқылы өз клиенттерін және нейрон желі мен нейрографиканы ұнататындарды қуантты. Сбер инженерлері Kandinsky 2.1 мәтін сұраныстары бойынша сурет салатын нейрон желіні сәуірдің басында шығарды. Kandinsky 2.1 – ruDALL-E желісіне негізделген генеративті модель. Аталған желіні қолдану тегін. Бұл оның көптеген шетелдік аналогтан басты айырмашылығы. Мұндағы Telegram-бот пен нейрон желінің веб-нұсқалары иллюстрация, art-жоба, аватар, текстура, фон және логотип үшін графика жасауға мүмкіндік береді.
Kandinsky 2.1 жетістігі халықаралық IT-қоғамдастықта жоғары бағаланды. Нейрожелі GitHub сараптауы бойынша жаһандық репозиторийлердің үздік бестігіне енді. Айта кетелік, бұл жоба Сбердің жасанды интеллект саласындағы жалғыз жетістігі емес.
Ресей Федерациясы импортты алмастыру, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету саласында оң шешімдер қабылдау мақсатында Сбер және басқа технология компанияларын тартады. Сонымен қатар, Ресей көрші елдердің, оның ішінде еліміздің технология саласында дамуына үлес қосуды көздейді. Атап айтар болсақ, ғалымдар, ғылым мен технологияға қызығатындардың басын қосады. Мәселен, 2021 жылы Ресейге шамамен 678 шетелдік зерттеуші ұзақ мерзімге келген, олардың көпшілігі Қазақстан ғалымдары. Ал бүгінгі таңда Kandinsky 2.1 суретші, иллюстратор, блогер және журналист сынды маман иелеріне тиімді құрал болмақ.
Kandinsky 2.1 бірегей. Әрине, Midjourney сияқты баламалар бар. Алайда олар интернеттің ағылшын тіліндегі сегментінде құралып, батыс аудиториясының сұраныстарына сәйкес жасалынған. Сбердің моделі орыс тілінде құралып, ТМД елдерінде тұратын ұлттардың менталитет ерекшеліктері ескеріле жасалған.
Оған қоса, бүгінгі таңда Midjourney пайдалану ақылы. Ал Kandinsky 2.1 тегін. Тіпті тіркелудің қажеті жоқ. Fusion Brain немесе Telegram-ботқа өтіп, сұрауыңызды жазып, бірнеше секундтан соң нәтижесін көре аласыз. Айтпақшы, Kandinsky 2.1 шетелдік желілерге қарағанда әлдеқайда жылдам жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Kandinsky 2.1 көмегімен екі суретті араластырып бір сурет шығарып, суретке қажетті детальдар қосып, оның бірнеше нұсқасын сала аласыз. Photoshop көмегіне жүгінбей-ақ аталған желі арқылы фотоны да өңдей аласыз. Аталған желі ойын-сауық және жұмыс үшін пайдалы болмақ.
Қорыта келе, Kandinsky 2.1 тек пайдалы құрал ғана емес, сонымен қатар санкцияларға қарамастан Сбердің IT-технологияларды дамытып жатқанының белгісі, ал Ресей Сбермен бірге дамуын жалғастырады.