Суматра маңында жолаушылар паромы аударылып, 11 адам қаза тапты

Автор: Мира Байбек

Қаза тапқандардың дені әйелдер мен балалар болған

Суматра маңында жолаушылар паромы аударылып, кем дегенде 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, 28 сәуірде Индонезиядағы Суматра аралының шығыс жағалауында болған.

«70-тен астам адам мінген паром аударылды. Қайтыс болған 11 адамның мәйіті табылды, тағы бір жолаушы із-түзсіз жоғалып кетті», - делінген хабарламада.

Жергілікті биліктің мәліметінше, негізінен әйелдер мен балалар қаза тапқан.

Қайғылы оқиға паром Риау провинциясындағы Тембилахан портынан Танджунг Пинанг аралына (Сингапур маңында) шыққаннан кейін шамамен үш сағат өткен соң болған.

Қазіргі кезде оқиғаның себебі анықталып жатыр.