Қазір аудан әкімдіктері фонтандарды ретке келтіріп жатыр
Коммуналдық қызметтер елорданың фонтан кешендерін консервациялау, жөндеу және қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Елорданың субұрқақтары дәстүр бойынша 1 мамырда іске қосылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан халқының Бірлігі күні, яғни 1 мамырда Астанада барлық фонтан іске қосылады. Қазір аудан әкімдіктері оларды ретке келтіруде.
Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының балансында екі субұрқақ нысаны бар: Республика даңғылы, 34 мекенжайында («Жастар» сарайы) бойынша – 3 және Республика даңғылы бойынша – 6 («Есіл» СҮ) – 1 бірлік. Биыл аудан әкімдігі оларды реконструкциялауды жоспарлап отырған жоқ.
Сарыарқа ауданында 10 субұрқақ бар: «Өмір ағашы», «Сирен», Абай/Желтоқсан фонтаны, «Ақжайық», «Атырау», «Жастар театры», Мәскеу көшесіндегі сквердегі субұрқақ, «Айналмалы шар» («Чупачупс»), «Әлия Молдағұлова ескерткіші».
Алматы ауданында субұрқақтар іске қосылып, реконсервация жүргізілуде. Аудан әкімдігінің балансында 10 субұрқақ пен субұрқақ кешені бар:
Субұрқақтар саны бойынша абсолютті рекордшы Есіл және Нұра аудандары болып саналады.
Барлығы 27 субұрқақ кешені бар, оған 48 субұрқақ кіреді.