50 адам түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді
Пәкістанның Кабал қаласындағы полиция бөлімшесінде болған екі жарылыс салдарынан кемінде 13 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Al-Jazeerа телеарнасының хабарлауынша, 24 сәуірде кешкі уақытта учаскенің жертөлесінде өрт басталып, артынша екі күшті жарылыс болған. Ғимарат жартылай құлап, 13 адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы 50 адам түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
«Ғимарат кешенінде жергілікті полиция бөлімі орналасқан. Терроризмге қарсы басқармаға қарасты ескі оқ-дәрі қоймасы болған. Полиция өкілі Шарифулла Хан оқиға орнына шабуыл жасалды дегеннен гөрі, қоймадағы оқ-дәрі тұтанып кетуі мүмкін деген болжамын айтты.
Наурызда Пәкістанның солтүстік-батысында болған лаңкестік әрекеттен тоғыз полиция қызметкері қаза тауып, 15-і жараланған болатын. Жанкешті бомбаны полицейлер отырған көліктің жанында жарып жіберген.