Кішкентай науқас қазір қалалық балалар клиникалық ауруханасында жатыр
Теміржол бойында тоққа түсіп, ауыр күйіктен кейін 19 ота жасатқан 10 жасар бала ақырындап сауығып келеді. Ол алты ай бойы Шымкенттің қалалық ауруханасында жатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға болған күні бала ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Ол 13 тері трансплантациясы операциясынан өтті және дәрігерлер оның бойынан 6 өлі тіндерді алып тастады. Бала үш айды реанимацияда өткізді. Қазір дәрігерлердің айтуынша, науқас күш жинап, сауығып келеді. Бүгінде ол палатаға ауыстырылды.
«Науқас ауруханаға 2022 жылдың 9 қарашасында өте ауыр жағдайда түсті. Оның жағдайында күйік мөлшері үлкен болды, 65 пайыз. Осы уақытқа дейін ауруханада барлық тиісті емдерді қабылдап, беті бері қарап келеді»,-дейді Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасының дәрігер-комбустиологы Нұрпейіс Шырынбекұлы.