Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Әскер Бейсенов Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ә. Бейсенов осы уақытқа дейін ҚР Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің бастығы қызметін атқарды.