Бангладеште найзағай түсіп, 9 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл ел найзағай соғуын табиғи апат қатарына енгізді

Фото ашық дереккөзден

Бангладеште найзағай түсуі салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Сунамгандж, Маулвибазар және Силхет округтерінің түрлі ауданында қаза тапқандар туралы хабарланған.

Адам өлімі деректерінің көпшілігі жексенбі күні ауылда адамдар егістікте жұмыс істеп жатқан кезде болған.

2016 жылы Бангладеш найзағай соғуын табиғи апат деп жариялады. Соңғы бірнеше жылда бұл елде жыл сайын найзағайдан жүздеген өлімі тіркелетін болды.