Жарысқа қатысушылар арасында бағалы сыйлықтары бар ұтыс ойыны өтеді
Астаналықтар аутизмі бар балаларды қолдау мақсатында Run for autism қайырымдылық жарысына қатысуға шақырылады. Спорттық іс-шара 29 сәуір күні елордада өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Run for autism қайырымдылық жарысы Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған.
«Іс-шара аутизм туралы халықтың хабардарлығын арттыру, осы диагнозы бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың қоғамнан өз орнын табуы мақсатында өткізіледі. Жарыс 29 сәуір күні таңғы сағат 8-де Триатлон саябағында өтеді. Жиналған қаражат аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларды қолдау мақсатында «Болашақ» корпоративтік қорының «Әрбір бала мектепке лайық» бағдарламасына бағытталатын болады», - делінген хабарламада.
Жарыс төрт қашықтыққа өтеді:
Жарысқа мына сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://sxodim.com/astana/event/blagotvoritelnyy-zabeg-run-for-autism
Жарысқа қатысушылар арасында бағалы сыйлықтары бар ұтыс ойыны өтеді. Онда смартфондар, фитнес-клубқа жылдық абонемент, велосипедтер, шлемдер, сондай-ақ клиникада толық тексерілуге болатын жолдамалар бар.
Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін «Көңілді старттар» тегін ойын-сауық спорттық бағдарламасы ұйымдастырылады. «Көңілді старттарға» қатысу үшін @bolashakcharity сілтемесі арқылы тіркелу қажет.