Ертең еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша жел күшейеді

Фото ашық дереккөзден

Қазгидромет 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында ауқымды антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, қиыр шығысында жаңбыр, ал қиыр солтүстікте қар-жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік жартысында – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және батыста – шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең – көктайғақ, күндіз солтүстік-батыс пен оңтүстік-батыста – найзағай.

Жетісу облысының басым бөлігінде 1-6 градусқа дейін, Жамбыл облысының таулы аймақтарында 1 градусқа дейін, Алматы облысында топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 1-6 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12 аяз, күндіз 6-8 жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел – 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 12-14 жылы.

Шымкентте ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 21-23 жылы.