Қызылордада мүлік құнын жасырған кәсіпкерлер анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бизнес нысандардың дұрыс бағаланбауы салдарынан жергілікті бюджет қомақты түсімнен қағылып отыр

Фото ашық дереккөзден

Қызылордада мүлік құнын жасыратын кәсіпкерлер көбейген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Бизнес нысандардың дұрыс бағаланбауы салдарынан жергілікті бюджет қомақты түсімнен қағылып отыр. Ауданы 1500 шаршы метрді құрайтын тойхана иесі ғимарат құнын 56 млн теңге деп көрсетіп, мүлік салығы ретінде 281 мың теңге төлейді. Ал аумағы ат шаптырым кешеннің нарықтағы бағасы 300 млн теңгеге жуық. Кәсіпкер қазынаға 1,5 млн теңге төлеуі тиіс. Облыс орталығындағы 38 мыңнан астам заңды тұлға мен жеке кәсіпкердің тек 2 жарым мыңы ғана мүлік салығын төлеген. Сондықтан өкілетті орган өкілдері коммерциялық нысандарды қайта түгендеу, өлшеу және тіркеу шараларына кірісті. Жұмысшы топ әзірге жалған ақпарат берген 115 кәсіпкерлік нысанды анықтады. Олардан бюджетке қосымша 200 млн теңге түсуі мүмкін.

«Коммерциялық бағыттағы мүліктің құны әр шаршыға шаққанда нарықта жоғары болады. Ал бізде, өкінішке орай. Орташа есеппен бір үйдің бір шаршы метр бағасы 185 мыңнан 270 мың теңге аралығында болса, коммерциялық нысандар 85 мыңнан 115 мың теңге ортасында қалып отыр. Яғни, тұрын үйден де төмен болып кеткен», - деді қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов.