Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.
Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.