ШЫХО 24 сәуірден бастап қалыпты жұмыс режиміне кіріседі
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы 24 сәуірден өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызмеі хабарлағандай, «Қорғас» ШЫХО әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқанына 3 жылдан астам уақыт өтті.
«Өткен үш жыл ішінде Басқарушы компания Орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды.
Осылайша, 2023 жылдың 24 сәуірінен бастап «Қорғас» ШЫХО қалыпты жұмыс режиміне қайта кірісетіндігін хабарлаймыз», - делінген хабарламада.