«Бір шаршы метр де жерім жоқ»: Даниал Ахметов экс-депутаттың мәлімдемесіне жауап берді

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

ШҚО әкімі өзі басқарып отырған облыстан бір шаршы метр жер алып көрмегенін айтады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Үкіметтің кулуарында жер мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Парламенттің жетінші шақырылымының депутаты болған Берік Дүйсенбинов Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстағы әдемі жерлерді өзіне алып алды деп мәлімдеген болатын. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысына келген Даниал Ахметов отырыстан соң журналистердің сұрағына жауап берді. Соның ішінде, экс-депутат Берік Дүйсенбиновтің «Өскеменге барсаң, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі» деген сөзіне қатысты мәлімдеме жасады.

«Бұл жала сөз. Бір де бір квадрат метр жер жоқ менде.  Сол себепті мен ол кісіге ештеме айта алмаймын. Неге десеңіз, оның депутаттық статусы бар. Бірақ, оның сөзі өте мәдениетсіз», - деді Даниал Ахметов.