Абай облысында шөп жинауға шыққан жасөспірім қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Бейнеден кадр

Абай облысының Бесқарағай ауданында шөп жинауға шыққан жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жасөспірім 14 сәуірде Бесқарағай ауданында бос жердегі орман шаруашылықтарының біріне өзінің танысымен бірге шөп жинауға барған. Ол трактор мен білік жетегі арқылы тіркелген шөп орау прессінің арасында тұрып, секірмек болады. Алайда, киімі ілініп, қысылып қалған. 17 жасар бала оқиға орнында қайтыс болды.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.