Ақтауда полиция бастығының орынбасары қарамағындағы қызметкерін ұрып-соқты деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған оқиғаға қатысты қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізілуде

Бейнеден кадр

Ақтауда облыстық Криминальдық полиция басқармасы бастығы орынбасарының  қарамағындағы қызметкерін ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде таралған видеода Маңғыстау облысының Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәрібаев Шынболаттың қызметкерлерінің біріне жұдырығын ала жүгіріп, ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Оқиғаның қашан болғаны белгісіз.

Маңғыстау ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысы полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының жеке құрам бойынша инспекциясы қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізуде.