Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 2 адамның жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпы, республика бойынша 1805 адам коронавирустан емделіп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Елде коронавирустан емделіп жатқан науқастар саны 1800-ден асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19-ды жұқтырудың 80 жағдайы анықталды.

Сондай-ақ, бір тәулік ішінде коронавирус белгілері бар пневмонияның да бір жағдайы тіркелді.

Ведомствоның 15 сәуірдегі мәліметі бойынша, 1 805 адам коронавирус инфекциясынан (–1 621+ және 184 КВИ-) емделіп жатыр, оның 184-і стационарда, 1 621 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.