Елордалық полицейлер жүргізушілерге жолда абай болуды ескертті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Астанада ауа температурасының күрт төмендеуі, жаңбыр түріндегі жауын-шашын мен оның қарға ұласуы, сонымен қатар, көктайғақтың күтілуде.
«Осыған байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежеуге бармауды, қашықтық пен бүйірлік қашықтықты сақтауды, жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз. Ауа-райының күрделі жағдайын ескере отырып, қала сыртындағы ұзақ сапарлардан бас тартуды ұсынамыз. Мүмкін болса, балама көлік түрін пайдаланыңыз.Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де ерекше сақ болуы керек. Өз қауіпсіздігіңіз үшін көшелерді белгіленген орындардан кесіп өтуге кеңес береміз. Жолдарда жүру кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды қабылдау шараларын жасаңыз. Жолды кесіп өткенде, гаджеттерден бас тартып, құлаққапты шешіп, келе жатқан автокөліктің жоқтығына көз жеткізу маңызды», - деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.
Жас жол қозғалысына қатысушыларына түнгі уақытта жолды кесіп өткенде, балалардың жарақаттануын болдырмау үшін шағылыстыратын элементтерді пайдалану ұсынылады.