Бақта жөке, арша сияқты ағаштар отырғызылып жатыр
Астананың Есіл ауданының әкімдігі ботаникалық бақтың аумағында көгалдандыру жұмысы жалғасатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әкімдік өкілдері хабарлағандай, Гейдар Әлиев көшесіндегі 5 шырша ағашы қолайлы жағдайда өсуі үшін 100 метр қашық жерге қайта отырғызылады. Қайта отырғызу көшеттерге зиян келтірмейтінін атап өткен жөн.
«Көгалдандыру жұмысының бір бөлігі ретінде ботаникалық бақ учаскесінің алдыңғы қатарына жөке секілді қатты ағаштар, сол сияқты бұталар, атап айтқанда арша ағашы отырғызылады», - делінген хабарламада.
Аталған іс-шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға және келген жұртшылық үшін жайлы жағдай жасауға бағытталған. Әкімдік көгалды аймақтарды жақсарту және қала аумағын абаттандыру жұмысын жалғастырып жатыр.