Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді
Маңғыстау облысының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет кепілдік берген тегін қызметтерді алуға қатысты бірқатар заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомство хабарлағандай, талдау барысында мүмкіндігі шектеулі 3 258 адамды оңалтудың жеке бағдарламасымен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қолданбау фактілері әшкереленді (оның ішінде бірінші топтағы мүгедектер – 525, екінші – 849, үшінші – 1322, мүгедек балалар – 562).
Енгізілген прокурорлық қадағалау актісімен көрсетілген кемшіліктер жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мүмкіндігі шектеулі адамның конституциялық құқықтары қорғалды.
«Атап айтқанда, қазір мүмкіндігі шектеулі жандардың мүгедектерге арналған оңалту орталығына баруға, санаторий-курорттық ем алуға, сондай-ақ жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне басқа да мемлекет кепілдік берген тегін қызметтерге мүмкіндігі бар», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.