Құжат көпшілік талқысына ұсынылды
Қарағанды облысындағы бірнеше ауылға қазақша атау беріледі, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта өңір әкімдігі мен маслихаттың ауыл атауларын өзгерту туралы бірлескен шешімі жазылған.
Белгілі болғандай, Бұқар Жырау ауданындағы Новостройка ауылы Атамекен атауын алмақ.
Құжат 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады.