Қазақстанда Ғылым қызметкерлері күні қалай атап өтіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Айтулы күнге орай бірқатар шаралар өткізу жоспарланған

Фото: ашық дереккөзден

Жыл сайын 12 сәуірде елімізде Ғылым күні аталып өтіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ғылым күні адам өмірін, қоршаған ортаны және экономиканы жақсартуға бағытталған ғылыми зерттеулердің, инновациялардың және білімнің маңыздылығы дәріптеледі.

Бұл күні әлемді түсіну және кездесетін мәселелердің инновациялық шешімдерін әзірлеу үшін тынымсыз жұмыс істейтін ғалымдар мен зерттеушілердің жетістіктері аталып өтіледі. Еліміз сондай-ақ, өскелең ұрпақтың ғылыми ізденісін арттыруда көптеген маңызды жұмыстар атқарып келеді.

Ғылым әлемді жақсы жаққа өзгерте алады, ол ғаламның құпияларын зерттеуден бастап, өнеркәсіпте төңкеріс жасай алатын жаңа технологияларды дамытуға дейінгі шараларды қамтиды.

Айтулы күнге орай Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым апталығы» аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып, ғылым саласындағы соңғы жетістіктерді таныстырмақ. Сондай-ақ, беделді ғалымдарға да сөз беріледі.

Іс-шаралар жоспары:

  • 11 сәуір күні сағ. 10-00 Astana IT University-де әлемнің жетекші институттарының ғалымдары лекция оқиды. Лекторлар: Зинетулла Инсепов (АҚШ), Мұрат Сапарбаев (Франция), Жәнібек Әлпішев (Австрия), Дияр Талбаев (АҚШ).
  • 11 сәуір күні сағ. 14-00 Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVІ-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті.Атлас» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
  • 12 сәуір күні сағ. 10-00 «Астана» Халықаралық қаржы орталығында технологияларды коммерцяландыру реакторы өтеді. Мұнда соңғы ғылыми және технологиялық әзірлемелер таныстырылады.
  • 12 сәуір күні сағ. 10-00 Алматыдағы Satbayev University-де халықаралық «International Satbayev Conference 2023» «Ғылым және технология: «идеядан жүзеге асырғанға дейін» конференциясы өтеді.
  • 12 сәуір күні сағ. 10-00 Павлодардағы Toraighyrov University-де «Сәтпаев оқулары» XXIII Халықарлық ғылыми конференциясы өтеді.
  • 12 сәуір күні сағ. 10-00 Astana IT University-де ҚР Жас ғалымдар кеңесі өтеді.
  • 12 сәуір күні сағ. 17-00 Астанадағы «Шабыт» ҚАЗҰӨУ ғимаратында Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтеді. Танымал ғылыми қызметкерлерді марапаттау рәсімі болады.
  • 13 сәуір күні сағ. 10-00 Алматыда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми жетістіктер көрмесі, бизнес өкілдері мен ғалымдардың кездесуі ұйымдастырылады.
  • 14 сәуір күні сағ. 10-00 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Түркі әлемі Ұлттық Ғылым академиялары одағы Бас Ассамблеясының (Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Татарстан, Башқұртстан) 6-шы отырысы өтеді.

Сондай-ақ, осы ғылым апталығы аясында арнайы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қабырғасында бірқатар іс шаралар өткізу жоспарланған: