Бүгін Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Фото: pibig.info

Синоптиктер 10 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болуы мүмкін. Оңтүстікте және таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, түнде Ақмола облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде) жауады. Тек ҚР солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа райы жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайды, Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Жамбыл облысында 30 м/с және одан оса болатын қатты жел соғы мүмкін.

Түнде Жетсіу облысының орталығында және таулы аудандарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Астанада жауын-шашынсыз ауа райы болады, қалыпты жел соғады – 5-10 м/с, күндіз термометр 11-13 градус жылыны көрсетеді, бірақ түнде аяз -3-5 градус аяз болуы мүмкін.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады, кейде күн күркіреп, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Күндіз 13-15, түнде 11-13 градус жылы болады.

Шымкентте де жаңбыр жауып, жел соғады, екпіні 15-20 м/с жел соғады, найзағай ойнауы мүмкін. Ауа температурасы нөлден жоғары – күндіз 13-15, түнде 11-13 градус жылы болады.