Республика бойынша жел соғып, тұман түседі
«Қазгидромет» РМК 8-10 сәуір аралығына арналғане ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктер болжамынша, атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады – жаңбыр жауып, солтүстікте, шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.
«9 сәуірде оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда – қатты жауын-шашын жауады. 10 сәуірде оңтүстікте қатты жаңбыр жауады», - делінген хабарламада.
Республика бойынша жел соғып, тұман түседі: оңтүстік, батыс өңірлерде шаңды дауыл соғып, күн күркірейді; солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ қаупі бар.
Батыста және оңтүстік-шығыста 3 градус үсік жүреді.